Астананың төрт тұрғын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылады

620

Спорт залдарынан басқа бұл жерлерде халыққа қызмет көрсету орталықтары, кітапханалар және полиция бөлімшелері бой көтереді деп жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалы-сметалы құжаттамасы Көктал-2, Ильинка, Өндіріс және Железнодорожный төрт тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізу үшін өнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ.

Жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ішінде әмбебап спорт залдары, күрес және бокспен айналысатын залдар, ХҚКО-ның бөлімі, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, медпункт және полиция бөлімшелері, кітапханалар, балалардың қысқа уақытқа қалатын бөлмелері, буфет және басқа да қосымша бөлмелер болады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірінші қабатқа кедергісіз жету жолдары және  екінші қабатқа мінуге арналған лифт, санитарлық тораптармен жабдықталады.
Мекеменің жалпы ауданы 2600 шаршы метр, жоспардағы көлемі 45,0х48,0 метр. Бір ауысымда кешенге келетін адамдардың максималды саны: 260 клиент, 36 қызметкер. Жобада энергияның альтернативті көзі ретінде  гелиоқұрылғылы күн электр панелдері қарастырылған. Кешендер көлік қоятын орындармен қамтамасыз етіледі.
Астанада «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асуда, оның аясында қала әкімшілігі дамып келе жатқан аудандар мен тұрғын алаптарында өмір сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *