Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

353

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып  табылатын  ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық  елдердің  қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Әр азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға, парақорлық жемқорлық пен күресте белсенділік танытуға міндетті. Жарқын болашаққа, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көріну әрқайсысымызға парыз. Әлеуметтік дертке айналған жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елді алаңдатуда.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

  Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бәріміз болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

    Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет. Еліміздегі бүкіл мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Заңға сәйкес, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге міндетті.

Алматы қаласы Алатау аудандық
Әділет басқармасы
 басшысының м.а.
 Құндыз Рысмаханова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *