Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

570

Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында: «Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», — деп жазды.

Министдің айтуынша, Asian Film Awards Academy — «азиялық Оскар» саналады. Азия киноакадмиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген.  «Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», — дейді министр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *