Асқар Мамин: 1 мамырдан бастап мұқтаж адамдарға пәтер бөлуге кірісеміз

531

«Нұрлы жер»  бағдарламасы қаралған Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин көпбалалы отбасыларға тұрғын үй қашан берілетінін айтты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«Биыл 13 миллион шаршы метр тұрғын үй салуымыз керек. Әкімдерге жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым бойынша жұмыс қарқынын жеделдету қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлердің сәулеті бірыңғай болуы керек. Бұл тапсырма тек Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орындалып жатыр. Ал қалған өңірлерде енді басталады», — деді Премьер-Министр.

 «Бес жыл бойы алты мыңға жуық көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап мұқтаж адамдарға пәтер бөлуге кірісеміз. Екі жыл ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларына сәйкес 22,5 мың отбасы жеңілдетілген несие алады«, — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, елімізде көпбалалы отбасыларға баспана алу үшін бөлек кезек құрылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *