Атырау облысында параспортшы жеке пәтірінің кілтін алды

512

Жергілікті кәсіпкердің демеушілігінің арқасында, Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Медет Сұпығалиев Исатай ауданында жаңа үш бөлмелі пәтерге ие болды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күні бүгінге дейін Медет Сұпығалиев жұбайымен және үш баласымен жалдамалы үйде тұрған еді. Қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев Исатай ауданындағы мұнай өндірумен айналысатын «Сазанқұрақ» компаниясының атынан өз үйлерін сатып алуға көмектесті.

— Менің спорттық жетіктіктеріме осылай бағалағандарңыз үшін алғысымды білдіремін. Өздеріңізге, өз күшіңізге деген сенімді жоғалтпаңыздар, тек алға ұмтылыңыздар. Мен өзімді ешқашан да мүмкіндігім шектеулі деп есептеген емеспін. Барлығы әрі алда, Облысымыз мен респбуликамызды кез-келген деңгейдегі барлық жарыстарда таныту үшін қолымнан келердің барлығыністеймін,- деді Медет Сұпығалиев.

Қазіргі таңда Исатай ауданында 700-ден аса мүмкіндігі шектеулі жандар, 198 аз қамтылған және көп балалы отбасылар бар. Оларға жыл сайын кәсіпкерлеркөмек көрсетеді. Сұпығалиевтар отбасына берілген үй Исатай ауданындағы демеушілересебінен сатып алынған екіншітұрғын үй.

Жанат Азатова 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *