Теледидар көру егде жастағылар үшін зиянды

976

Лондонның Университеттік колледж ғалымдары теледидар бағдарламаларын ұзақ уақыт қарау егде жастағы адамдар үшін когнитивтік қабілеттердің төмендеуімен байланысты болатындығын анықтады. Бұл туралы Science News басылымы хабарлады.

Мамандар 50 жастан асқан британдықтарды ұзақ мерзімді зерттеу  барысында алынған 3590 адамның деректерін сараптаған. 2008-2009 жылдары қатысушылар теледидар алдында өткізген уақытын айтып отырған. Олар сондай-ақ, он сөзден құралған аудиожазбаны да тыңдаған. Аталмыш жазбадағы әр сөз екі секундта бір рет айтылып отыратын болған. Бұдан кейін қатысушылар аудиожазба аяқталғаннан кейін бірден немесе біраз уақыттан соң айтылған сөздерді еске түсірген.

Алты жылдан кейін еріктілер сынақтан қайта өткен. Белгілі болғанындай, 2006-2009 жылдары теледидарды күніне 3,5 сағаттан аса көргендердің ауызша есінің едәуір нашарлағаны байқалған. Ал когнитивтік қабілеттердің нашарлауы теледидар көру уақытының ұзаруымен үдеген. Ғалымдардың пікірінше, телевидение психологиялық күйзеліс пен оның салдары болып табылатын ақыл қабілетінің төмендеуіне әкеледі.  Бұған дейін ғалымдар теледидардың ми жасушаларын өлтіретінін айтқан болатын.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *