Айман Мұсақожаева: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға

251

Қазақстанның Еңбек Ері, Әлем Әртисі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап-ақ Елбасымыз, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы болды. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа  тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салынды және әлі де салынып жатыр. Еліміздің мәдениетін биік көтеріп, Астана-опера, Астана-балет, көптеген спорт кешендері салынды. Қазақтың қара балалары бүкіл әлемге өзінің мәдениетін паш еткізуге мүмкіншіліктер алды» — деп атап өтті Айман Мұсақожаева.

«Бұл біздің Елбасымыз! Сіздей көреген адамның көш бастағанына ризамыз! Біздің  әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Еліміздің сүйеуі,   әр отбасының тірегі өзіңізге  ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз» деп қорытындылады өз сөзін Айман Қожабекқызы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *