Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президентіне «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» орденін тапсырды

394

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп,  «Алтын жұлдыз» орденін тапсырды.

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманыатағын беремін», — деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық облыстық қалалардың басты көшелерін Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынды.

Елбасының Қазақстан халқына сіңірген еңбектерін айта келе, Республика Президенті: «Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын«, — деген ұсыныс білдірді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *