Алматы көшелерінде «Наурыз-2019» шеруі өтті

2844

Ұлыстың ұлы күнінде Алматы көшелерінде қазақ эпосының батырлары, ертегі кейіпкерлері орталық көшелермен жүріп өтті.

Ұлттық костюм киген 2 мыңға жуық адам, бүркітші, құсбегілер, тазы баптаған аңшылар Алматы көшелерінің сән салтанатын келтірді. «Наурыз шеруі» Абай көшесімен қазақ мемлекеттік циркі жанынан сап түзеп, Абылай хан көшесімен Қабанбай батыр көшесіне дейін жүріп барып, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры маңайында тоқтады. Самарқанның көк тасын еріткен Наурыз мейрамын, көктемнің жылы лебін жеткізуге, ұлттық нышанды көрсетуге мәдениет саласының, этностық бірлестіктер, ЖОО студенттері мен мұғалімдері, бүркітшілер мен кәсіби аңшылар қатысты.


Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *