Алматылықтар Наурыз мейрамын тойлауда

2817

Алматыда наурыз мерекесі барынша сән-салатанымен аталып өтуде. Ең басты мерекелік думан Астана алаңында болды.

Мерекені қала әкімі Бауыржан Байбек ашты. Ол өз сөзінде барша Алматылықтар мен қала қонақтарын мерекемен құттықтап, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарабаевтың ел дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Әкім құттықтауынан кейін, сахнаға шыққан «Алатау серілері» мен «Сазген сазы» Иса Байзақовтың «Желдірмесімен» шықты. Қоңыр тобы «Ыңғай ау», Шаба Әбденқұл «Алматының алмасы», Мақпал Жүнісова «Биле, биле», Мирбек Атабеков «Мөлмөлүм», Мөлдір Әуелбекова «Наурыз», Эльдар Гасымов «Наурыз келер», Тамара Асар «Сен үшін Астана», Алина Ахметшина «Сафия», «Рензо» мен «Аянат» топтары «Алматы», Мадина Садуақасова «Гүлдер», «МузАРТ» тобы «Ұлы Дала Елі» әндерімен шықты. Осы мерекелік думан аясында, көрермендерге жауқазындар мен Алматы апорты таратылды.  Сондай-ақ, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық билері де көрініс тапты.

Бүгін бұл алаңда қас қарайғанша мерекелік концерт болмақ. Шетелдік және отандық өнерпаздар көрерменнің көңілін көтерді.

 Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *