Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді

409

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.  Құжаттың толық мәтіні төмендегідей.

Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

Дереккөз: inform.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *