Жол апатынан 25 адам зардап шекті

239

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік жол апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті.

«Жол-көлік апаты сағат 9:14-дер кезінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша 25 адам зардап шекті», — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды. «Астана LRT» мәліметі бойынша қаза болғандардың бірі  —   бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі. 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көліген барып соғылды.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *