Биыл елімізде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

1263

Биыл елімізде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы жайында баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

«Биыл біз өңдеу өнеркәсібінің өсімін 104 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл үшін өндіріс көлемін арттыру және жетекшілік ететін салаларда жұмыс орындарын сақтау шаралары қабылданатын болады. Жалпы сомасы 1,1 трлн теңге болатын120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», — деді Роман Скляр. Оның дерегінше, металлургия бойынша өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тау-кен байыту кешені және Қарағанды облысында «Sary-Arka Copper Processing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің катодты мыс шығару зауыты сияқты ірі жобалары іске қосылды. «Биыл осы кәсіпорындар мен «АрселорМиттал Теміртаудың» жобалық қуатқа шығуы саланың жоспарлы көрсеткішке қол жеткізіп, өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек, жыл соңына дейін Қарағанды облысында ферросилиция өндіретін зауыт, Алматы қаласында болат спиральды құбыр өндіретін зауыт іске қосылады», — деді министр.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *