Алматы жастары Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды

672

Алматы жастары еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан скалтанатты түрде гүл шоқтарымен қарсы алды.

Екі мыңға жуық алматылық студент G-38 студенттік ұйымының қолдауымен Елбасын қолдарына гүл ұстап қарсы алды. Ұшақ басқышынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев жастар алдына барып, оларға тосын, жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетерлігі, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеп, 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев кіріскен еді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы және Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қалады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *