Наурыз думан – кітапханада

644

Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханада 2019 жылдың 20 наурыз күні «Наурыз думан – кітапханада» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік думанға ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кітапхана саласының ардагері Алшабаева Перизат Бекмырзақызы, қаладағы кітапхана қызметкерлері қатысты.

Ұжым мүшелері бірнеше топқа бөлініп, өзара сайыс ұйымдастырды.

Ақын-жазушылар жыл басы наурыз мерекесіне және кітапханашыларға арнау өлеңдерін оқыды.

Кәсіподақ мүшелері марапатталып, аяғы ән-күйге ұласты.

С.Әуесханов,

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *