«Қаламқас» кен орнындағы өрт сөндірілді

218

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Нұрлыбек Жеңісбек «Қаламқас» кен орнындағы өрттің сөнгенін мәлімдеді.

«28.03.2019 сағат 01.05-те «Қаламқас» кен орнындағы № 8237 ұңғымасындағы грифонда шыққан өрт сөнді. Бүгінде газ су аралас ашық от лаулағаны тоқтап, пайда болған грифондар жабылды», — деді ол.

Айта кетерлігі, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *