Алматыда жаңа компанияның тұсауы кесілді

833

Бүгін отандық киноиндустрия және шоу-бизнес саласына тың серпіліс беретін «BILTE invest» инвестициялық компаниясы елімізде өз жұмысын ресми түрде бастады. Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында аталмыш компания өкілдері мәлімдеді. Баспасөз мәслихатына режиссер, кинодарматург, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері-Сатыбалды Нарымбетов, қаржыгер, продюсер, «BILTE invest» құрылтайшысы-Едіге Қожахмет, кәсіпкер, продюсер «BILTE invest» компаниясының құрылтайшысы-Алжанбек Болысбекұлы, жапониялық инвестор-Хироко Ямашита, малазиялық инвестор — Хайрул Назимдер қатысты.

«BILTE invest» компаниясы-медиа және ойын-сауықтық саласына инвестиция салуды көздейді. Қазіргі уақытта қазақстандық, малазиялық және жапониялық инвесторлар іске кірісіп те кетті. Бұл ретте басты салалар ретінде коммерциялық кино, шоу-бизнес, ютуб жобалар таңдалып отыр. Тәжірибе ретінде алғашқы киноға қаржы салынып, ол картина прокатқа шықты. Дәл бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрерменге жол тартқан фильм «Мама+Папа» деп аталады.

Сондай-ақ, бұл компания коммерциялық мақсатта құрылғанымен, жұмыс бабыда ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарға баса мән беріледі.Сонымен қатар, қазақстандық шоу-бизнес және кино өнімдерін экспорттау бойынша жүйелі жұмыс атқару жоспарлануда.

Едіге ҚОЖАХМЕТ,

«BILTE invest» құрылтайшысы:

-Біз негізі қаржы саласында жұмыс жасап келген кәсіпкерміз. Соңғы жылдары, мәдени саладағы жобаларды инвесторлық тұрғыдан зерттеуді қолға алған едік. Бізде соңғы үш жылға дейін, кино, шоу-бизнес саласы жеке бір бизнес индустрия ретінде жүйелі түрде қарастылмаған болатын. Біз осыны саланы зерттей келе, сол салаға маманданған қаржылық  инвестициялық компания құруды жөн көрдік. Осы бойынша халықаралық әріптестерімізбен жұмыс жасаудамыз. Бұл қорға шет елдік инвесторлдарды да шақырдық.

Біздің мақсатымыз-мәдени сала мен қаржы саласы арасында тұрақты мәдени көпір болу. Осы концепциямен бастаған алғашқы киномыз еліміздегі кинотеатрларға шығып жатыр. Ол да біз үшін үлкен меже болды. Әсіресе, қазақ тілді балаларымызға арналған қазақ тілінде «Бала тв» атты ютуб каналын ашу жоспарымызда бар.  Жүйелі түрде жылына кем дегенде 5 -10 фильмді түсіруді көздеп отырмыз. Осы бойынша біз, кино, музыка саласындағы продюсерлерді бізбен серіктестікке, коммерациялық жобаларға қатысуға шақырамыз. Осы саладан тұрақты түрде табыс табамын деген кәсіпкерлер болса, оларды да шақырамыз. Қуана, бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

Асқар НАЙМАНТАЕВ,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер:

-Бұл бастаманың қызығын ең бірінші көрген мен. «BILTE invest» бүгін құрылып жатса, «BILTE Өнер академиясы» былтырдан бері жұмыс жасап жатыр. Біз жастарды актерлік шеберлікке оқытатын мектеп ашқанбыз. Одан кейін, қысқа метражды алғашқы фильмді түсіргенмін. Ол келесі жоба ретінде, монтаждалып жатыр. Бұйырса, оны да жақын күндері естисіздер. Сосын менің бұрыннан келе жатқан «Терісқақпай» театрым да осы «Bilte invest-тің» қарамағында. Осы айналдырған бір жылдың ішінде үлкен жұмыстар атқарды. Енді келесі сатыға, келесі дәурге көтеріліп жатыр. Мен сол үшін қуаныштымын. Барлығына сәттілік тілеймін!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *