САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

1312

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн.теңге жұмсап іске қосып отыр. Нәтижесінде жергілікті 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *