Алматы: гүл-көктем

617

Алматының көктемі бір ғажап-қой! Тау-тасы, өзен-көлі, үстірті, жазық даласы да осы шақта барынша жанданып, жарқырап шыға келеді. Жота мен дөңдерінде алғашқылардың бірі болып бәйшешек пен аулаларда оның мәдени түрі галантус пен крокус гүлдейді. Барлығы да өз ретімен алмасып отырады. Оны осы фоторепортажды жасауға жұмсалған бір айлық жұмысымыздан аңғардық. Тіпті, бір-екі аптадан кейін, бәйшешектің орнын қазжуа мен Калпаковский иродиктумы алмастырып үлгергенін байқадық. Сіз нақты аңғара бермегеніңізбен, табиғат барынша жаңарып, жанданып жатыр. «Тынымсыз тіршілік»,-деген осы болар?!

Одан кейін, қала мен далада күннің аз ғана жылуын пайдаланып, өрік гүлдеп, сәндік бұта форзиция сарғыш гүлдерімен тамсандырады. Әсіресе, өрік гүлдері ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз. Ол бейне бір көктемнің нағыз гүлденіп келе жатқанын аңғартатындай. Тіпті, қаладағы әрбір ауладан гүлдеп тұрған өрік ағаштарын кездестіруге болады. Осы шақта, мәдени жауқазын мен нәркес гүлдері де жарыса гүлдейді.  Біз фоторепортажымыздың соңғы суретін түсіріп жатқанда, аулаларда сары кілемдей тоқылған бақбақ гүлдерінің атырабына жолықтық. Осы ретпен, қалада тағы да «Гүл-көктем» жалғасып кете береді. Ал бұл фотография үшін, таптырмас керемет шақ!

Бәйшешек гүлі

Галантус

Қазжуа

Бәйшешек пен Колпаковский иродиктиумы

Колпаковский иродиктиумы

Форзиция бұтасы

Өрік гүлдеген шақ

Нәркес гүлі

Жауқазын

Бақбақ гүлі

Жаңбыр жауып өткеннен кейінгі таңғы уақыт — тау мен қаланы айшықтап көрсетеді

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Алматы қаласы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *