ҚазҰУ-да дәстүрлі Фараби оқулары өтеді

1012

Алматыда 2-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VI халықаралық Фараби оқулары өтеді. Алдыңғы қатарлы қазақстандық университетте жыл сайын ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл ішінде Фараби оқулары ғылыми қоғамдастық пен әлемдік жоғары оқу орындары арасында танымал болып, халықаралық деңгейде аса белгілі болды.

ҚазҰУ-дың 85-жылдығында Фараби оқулары аясында өткізілетін ғылыми халықаралық ауқымды шаралар қоғам, мемлекет және тұлғаны дамыту жаһандық мәселелерін шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш жігерін жұмылдыруға бағытталған.

Олардың жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар мен таяу және алыс елдердің сарапшылары, ҚР СІМ және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысады.

Бағдарламада:

2-3 сәуір – «Әл-Фараби және қазіргі заман» VІ халықаралық форумы»;

4-6 сәуір – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Ботай мәдениеті халықаралық зерттеулерінің және басқа да Орталық Азия энеолиттік ескерткіштерінің нәтижесі»;

9-10 сәуір – «Мультиполярлық әлемдегі Қазақстан: экономикалық сценарийлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция»;

8-10 сәуір – «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы»;

12 сәуір — VI Халықаралық Фараби оқуларының салтанатты жабылу рәсімі.

Форум аясында, біздің философия және саясаттану факультеті де көптеген бағадарламалар бойынша ғылыми жұмыстар жүргізеді. Форум аясында Ұлы даланың ұлы ойшылдары; XXI ғасырдағы жастар және ғылым: қазіргі жағдайы мен болашағы; Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері; ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер; Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару; Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде секілді бағыттарды талқылайды.

Форум аясында келесі дискуссиялық алаңдар өз жұмысын жүргізеді:

I пікір-сайыс алаңы «Заманауи Қазақстандағы дінтану: ғылым және білім интеграциясы»

II Work shop Когнитивті нейроғылым орталығы:адамның ми және психикасын зерттеудің заманауи технологиялары

III пікір-сайыс алаңы «Білім беру мен тәрбиенің заманауи үрдістері мен сұраныстары: мәселелері мен шешімдер»

IV пікір-сайыс алаңы «Партиялар мен партиялық жүйелер: посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі»

V пікір-сайыс алаңы ««IDEA» жас философтардың ғылыми клубы: Ұлы даланың жеті қыры: философиялық талдау»

VI пікір-сайыс алаңы «Жас ұрпақтың идеалы мен құндылықтары»

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

Жақыпбек АЛТАЕВ,

ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *