САЙЛАУ БАР, ТАҢДАУ ЖОҚ!

1450

Президенттің кім болатыны шамасы екінші турда анықталар. Жалпы Украинада саяси дағдарыс бар деуге болады. Порошенкоға сенім азайған. 2014 жылғы қарқыны бәсеңдеп, жемқорлықты жеңе алмады. Елді толық ресейлік күштерден де азат етпеді. Қырымды қайтара алмады. Бұл енді өзгелердің де қолынан келе қоймас. Порошенко алдыңғы сайлауда уәде етсе де өзінің шоколад компаниясынан да бас тартпады және өнімдері ЕАЭО елдерінде әлі күнге сатылып жатыр. Яғни Ресеймен жеке коммерциялық байланысын үзбеді деуге болады. Тіпті президент болғаннан кейін табысы еселене түскен. Тимошенконы да жұрт жақсы көрмейді. Оның да жемқорлық дауына іліккені, бірнеше рет президент сайлауына түссе де елді ерте алмағаны, сайлауалды үгіт-насиxат шаралары кезінде постоновка жасап, өзін биліктен қатты қуғын көріп жүргендей көрсетуі т.с.с. біраз «кемшіліктері» көп. Азаттықтың украин қызметіндегі кейбір журналист әріптестерімнің айтуынша, Тимошенко Путинмен жекпе-жек кездесулерде оған псиxологиялық тұрғыда төтеп бере алмайды, тең дәрежеде сөйлесе алмайды. Зеленский де сондай. Поршенко осы тұста өзге қарсыластарынан сәл ілгері, сенімдірек. Ал Зеленскийдің жеке дербес саясаткер ретінде ел басқарып кететініне күмәнданатындар көп. Бірақ xалық өзгерісті қалайды. Порошенкодан қайыр аз, ол билікте қала берсе алға жылжу жақсармай, елдегі жемқорлық пен бандиттік басқару, кландық, топтық билік қала беретінін айтады. Сондықтан өзге адам келсе, билік жиі ауысып отырса дейді. Қалған кандидаттар тіпті де есепке алынбайды. Бұл жағдайға қарап Украина әлі ес жиып үлгермегенін байқауға болады. Бірақ бәрібір қоғамы оянған, бұрынғы қалыпқа қайта түспеуге бекінген. Сайлау шарасын да қоғам қатты бақылап отыр. Жастары дамуға, жетілуге, саналарын өзгертуге бейіл, ынталы. Мұндай ел сөзсіз бір жол табады.

Нұрбек Түсіпханның фейсбук парақшасынан алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *