ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

262

Тимур Шаймергенов ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды  kazgazeta.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қызметті осы уақытқа дейін Талғат Жұмағұлов атқарды.
Тимур Шаймергенов 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Алматыдағы Халықаралық мамандықтар институтын бітірді.

2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2009-2018 жылдары Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде басшылық құрам үшін оқыту бағдарламалары өтті. Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент және тәуекелдерді басқару саласында маман біліктілігі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

2017-2018 жылдары ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болды.

2017 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының лекторы.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне тағайындалғанға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып жұмыс істеді. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «ҚР Дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *