Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы тағайындалды

243

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқарма төрағасы ауысты. 29 наурызда қор директорлары кеңесінің шешімі қабылданып, Нұрбүбі Наурызбаеваның өкілеттігі тоқтатылғанына байланысты ҚР Ұлттық банкі төрағасы болып Жанат Құрманов тағайындалды.

Жанат Құрманов 1962 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.1996 жылы Мәскеуде Экономика, менеджмент және құқық универсиеттін бітірген.

2017 жылы Оксфорд университетінде бизнес мектебі бағдарламасы бойынша диплом қорғады. Ол өз еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Ядролық физика институтында инженерлік қызметтен бастаған.

1996 жылдан бастап — қаржы саласында, 1999 жылдың желтоқсанынан басшылық лауазымдарда қызмет еткен.  Жанат Құрманов 2017 жылы 13 қыркүйекте Президент өкімімен Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып сайланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *