Елордада өтетін мәдени шаралар

495

Қазақпарат агенттігі ХАА Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шараларға шолуды ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнері көрмесі өткізіледі.

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Аманат Назарқұловтың жеке көрмесін тамашалауға болады.

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Руслан Жүнісовтың және оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі ұйымдастырылады.

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Мараш Кениеваның «Өмірім — менің өнерім» атты көрмесін тамашалауға болады.

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «Іздер» көрмесі өтеі.

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі өтеді.

«Жастар» сарайы

1-7 сәуір сағат 10:00-18:00 аралығында бал көрмесі өтеді.

«Барыс» спорт кешені

2-10 сәуірде шайбалы хоккейден 2004 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының ІІІ кезеңі өтеді.

7 сәуірде сағат 12.00-де шайбалы хоккейден 2007 жылдар арасындағы  Қазақстан Республикасы Чемпионатының ІV кезеңі өткізіледі.

5 сәуірде сағат 20.00-де Ресей эстрада әншісі Бастаның жеке концерті өтеді.

«Тенгри» қонақ үйі

2 сәуірде шахматтан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан есту және көру зақымдалған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталады.

«Астана» концерт залы

1 сәуірде сағат 19.00-де Н.Тілендиев атындағы VІ «Өз елім» саз фестивалінің гала-концерті өтеді.

2 сәуірде сағат 19.00-де «Әндер мен жылдар» концерті өтеді.

5-7 сәуірде сағат 10.00-18.00-де «Amway» компаниясының  семинары өтеді.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

2 сәуірде сағат сағат 19.00-де Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасы қойылады.

3 сәуірде сағат 19.00-де Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасын тамашалауға болады.

4 сәуірде сағат 19.00-де М. Әуезовтың «Абай» драмасы қойылады.

5 сәуір сағат 19.00-де  Ұ.Есдәулеттің «Зере» драмасын тамашалауға болады.

7 сәуірде сағат 19.00-де Р.Кунидің «Туған күн» комедиясын тамашалай аласыз.

Астана Арена

3 сәуірде сағат 19.00-де Премер-Лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында «Астана» ФК — «Атырау» ФК кездеседі.

6 сәуірде сағат 16.00 І Лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігі басталады.

6 сәуірде сағат 19.00-де Премер-Лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында «Атырау» ФК — «Шахтер» ФК кездеседі.

«Алау» мұз айдыны 

4-5 сәуірде сағат 11.00-де коньки тебу спортынан «№2 БЖМСМ ашық біріншілігі басталады.

6-7 сәуірде сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтеді.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ спорт кешені

5 сәуірде сағат 12.00-де «2019 жыл-Жастар жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында қазақ күресінен жарыс өтеді.

«Жастар» театры

5 сәуір сағат 19.00-де Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясы қойылады.

6 сәуірде сағат 19:00-де Ғ.Мүсіреповтың «Жібек» мюзиклін тамашалауға болады.

7 сәуір де сағат 11:00 Дж.Родаридің «Чипполина» ертегісін көруге болады.

Паралимпиада жаттықтыру орталығы

6 сәуірде сағат 10.00-де Боччадан мүмкіндігі шектеулі ересектер және балалар арасындағы «Ұлы Жеңіс» күніне арналған Нұр-Сұлтан  қаласының І-ші чемпионатаы басталады.

Қуыршақтар театры

6-7 сәуірде сағат 12:00, 14:00, 16:00-де А. Салаеваның «Наурыз жайлы аңыз» ертегісі қойылады.

«Алатау» спорт кешені

6 сәуірде сағат 14.00-де «2019 жыл-Жастар жылы» аясында  Нұр-Сұлтан  қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында гіртасын көтеруден жарыс басталады.

7 сәуірде сағат 12:00-де Л.Браусевич, И.Карнаухованың «Аленький цветочек» ертегісі қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *