Наурыз айындағы доллар бағамы

1914

Наурыз айындағы 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны — 374 теңгеден 380 теңге көлемінде болды. Наурыздың соңы, Сәуірдің басында доллар бағамы — 400 теңгеден асуы мүмкін деген экономистердің болжамы расталмады. Алайда осы қарқынмен жүре берсе,  Мамыр айына қарай 1 доллардың құны 400 теңгеге жетіп қалуы бек мүмкін. Экономиканы болжау агенттігінің болжамы бойынша доллар құны 390 теңгеге жетіп жығылмақ. Экономистер 2019 жылдың алғашқы 6 айында доллар бағамы біршама тұрақты болатындығын болжап отыр. Алайда, Маусым айынан кейінгі картина басқаша болуы мүмкін. Ол Ресейдегі саяси және экономикалық мәселелерге қатысты болмақ. Есен Байнұр




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *