Көкшетауда су тасқыны зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

659

Көкшетауда су тасқыны зардаптарын жою шаралары  жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ақмола облысының ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар 1000 текше метр суды сорып,  80 тонна инертті материалдар мен құм салынған 150 қапты төседі.

«Соңғы мәліметтер бойынша, сағат 14:10-де 8 Наурыз көшесінің бойында орналасқан №1/1 су толық сыртқа ағызылды. Қазіргі кезде су тасқынының зардаптарын жоюға Ақмола облысының ТЖД мен ПД жеке құрамынан 45 адам және 18 арнайы техника жұмылдырылып, 4 тұрғын үй мен 14 ауладағы суды сору жұмыстары жүріп жатыр», — деп мәлімдейді Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі .




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *