Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті

193
 
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың ренсми сайты хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Елбасының ескі достары өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *