Наркескен: «Теле-ақпараттық саясат: бүгіні мен ертеңі»

5097

2019 жылдың сәуірдің 4-інде «Ұлттық кітапхананың» «Кітапханатану» залында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» — интеллектуалдық-пікірсайыс клубының келесі  отырысы өтеді.

Бұл жолғы талқы «Теле-ақпараттық саясат: бүгіні мен ертеңі» деп аталады. Кез келген мемлекеттің ақпараттық саясаты – ол елдің демократиясының бет-бейнесі. Cоның ішінде теле-ақпараттық саясаттын орны ерекше. Қазіргі теле-ақпараттық саясаттың ақпарат кеңістігіндегі орны қандай?  Қандай кемшіліктерге жол берілді? Ойын-сауық бағытындағы бағдарламалар неге басымдыққа ие? Саяси-сараптамалық бағдарламалар неге жоққа тән? Теле жаңалықтардың тілі неге қасаң? Қазіргі журналистердің сөйлеу мәнері неге өзгеріп кетті?

«Наркескеннің» кезекті  отырысының талқысына түсер мәселе осы.

Дөңгелек үстелге тележурналистиканың майталман мамандары, тілшілер, қоғам қайраткерлері  шақырылды.

Шара 2019 жылдың 4-сәуірінде, сағат 16.00-де Ұлттық кітапхананың «Кітапханатану» залында өткізіледі. Дөңгелек үстел туралы ақпарат БАҚ құралдары және www.kazgazeta.kz сайты арқылы таралады. Шараның толық мәтіні «Ана тілі» апталығында басылады.

«Наркескен» интеллектуалдық-пікірсайыс клубы 2018 жылдың қарашасында Ұлттық кітапханамен бірлесе құрылды. «Наркескен» клубын жүргізіп тұру туралы екі мекеме арасында арнайы келісім-шарт жасалған. Негізгі бағыт – қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік тақырыптарды ортаға салу, түрлі мамандармен пікірсайыс ұйымдастыру.

                             

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *