ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

764

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сауран қалашығы маңында «NOMAD» туристік экспедициясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «THE SOUL OF NOMADS» фестивалі өтеді. Жеті күнге жоспарланған фестиваль барысында тарихы терең Түркістан мен Сауран жайлы мол мағлұматтар беруге арналған көптеген шаралар қолға алынған.
«Оңтүстік аңыздары» жобасы аясында қолға алынған экспедициялық фестивальдің гала-концертін тамашалауға 5000 көрермен шақырылады деп жоспарлануда.  Ұйымдастырушылардың айтуынша сахна Сауран қалашығы бейнесінде жасалынады. Экспедициялық концерттің тартуы ретінде тарихи қалашық маңына жүргінші жолдар мен мыңдаған тал көшеттері отырғызылмақ. Концерт алаңының құрылысын жүргізуші — «BI Group» құрылыс компаниясы. Қазақстандық және шетелдік әншілердің қатысуымен өтетін шараның мақсаты — ХІІІ-ХVІІІ ғасырларға тән Сауран қалашығын насихаттай отырып, туристерді көптеп тартуға ықпал ету болып табылады.
Айта кетсек,  Сауран қалашығы — «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК құрамындағы Республикалық маңызы бар ескерткіш. Ортағасырлық Сауран қаласы Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 км жерде орналасқан.
Қазіргі таңда Сауран қаласы солтүстіктен  оңтүстікке қарай 850метр, шығыстан батысқа қарай 660метр созылып жатқан қорған қамалмен қоршалған. Қамалдың сақталған қабырғаларының биіктігі кей жерлерде 3- 6 метрге дейін жетеді. Оған солтүстік және шығыс беттегі екі қақпа арқылы енуге болады. Қаланың қақпалары мен бұрыштарына 7 қорғаныс мұнарасы тұрғызылған, қорған қамалының ұзындығы – 2360метр.  Қамал қабырғалары 2-3 метрлік едені кесектен және пахсадан тұрғызылған. Ең биік мұнарасы солтүстік бұрышында биіктігі 6метр. Қамалдың сыртында тереңдігі 1-3метр, ені 15-20метр болатын ор іздері сақталған.
Гала-концерт 25-26 сәуірге жоспарланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *