ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

1953

Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесе ұйымдастырған оқу семинары үш күнге жалғасады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тыңдаушыларға ақпарат жұмысының жаңа әдістері, тиімді өзара әрекеттесу технологиялары, жылдам және жоғары сапалы ақпараттық жауап беру құралдары ұсынылатын болады. Бұл тренингке жергілікті және Шымкент пен Қызылордадан мемлекеттік органдардың басшылары, квазимемлекеттік сектордың мамандары сондай-ақ баспасөз хатшылары арнайы шақыртылған. Олар медиация, коммуникация және модераторлық тақырыптары бойынша тәжірибе арттыратын болады. Алғаш күнде тізім бойынша 125 адам тіркелген. Жалпы үш күннің ішінде 300 қатысушы келеді деп күтілуде. Семинардың мақсатына сай, қатысушылар өз білімін кеңейтіп, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеу, сыртқы ортада және әлеуметтік желілерде байланыс саласындағы жаңа технологияларды меңгеру үшін қажетті дағдыларды дамытады. Оқу бағдарламасы заманауи талаптарға жауап береді және стратегиялық модерацияға, сыртқы және ішкі коммуникацияларды құрудың тиімді құралдарына арналған. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар ашық сөйлеу дағдыларын дамытады, қоғамдағы әлеуметтік және мәдени құндылықтарды модельдеу туралы біледі және сыртқы ортамен қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын үйренеді. Яғни білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы барлық жерде болуға тиіс. «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасын іске асыруға тартылған кадрларды қарқынды қайта даярлау бойынша оқу семинарлары 27 наурызда басталған. Жалпы Тренингтік семинарлар Талдықорған, Павлодар, Түркістан, Қарағанды, Петропавл және Орал қалаларында 26 сәуірге дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *