Атырауда аз қамтылған отбасылардан тағы 50 әйел жаңа мамандықтарды алды

650

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың ұсынысымен жүзеге асырылып жатқан «Іскер ана» аймақтық жобасының аясында жаңа мамандықты иеленудің қысқа мерзімді курстарын жалғызбасты аналардың, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналардың, отбасылық төмен аналардың тағы бір тобы тәмамдады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еске сала кетелік, аталмыш жобаны «Ғасыр» оқу орталығының негізінде «Азаматтық жоба» жүзеге асыруда. «Азаматтық орталық» директорының орынбасары Ержан Онғаралиев атап өткеніндей, 55 сертификаттың иесі бұл жолы «бухгалтерия негіздері», «шаштараз», «аспаз», «кадр қызметі», «әсемдеуші» мамандықтары бойынша дәріс оқып шыққан. Олардың ішінде аспаз, шаштараз және кадр қызметі мамандықтары сұранысқа көптеу ие болды. Дәріс оқығаны туралы сертификаттарды аналарға Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев табыстады.
«Іскер ана» жобасы бойынша әйелдердің таңдауына 12 мамандық ұсынылып отыр: тігінші, аспаз, маникюр шебері, әсемдеуші, шаштараз, бухгалтер, массажист, ағылшын тілі курстары, компьютер курстары, іс жүргізуші, сатушы, әлеуметтік желілердегі маркетинг. Жобаның басты мақсаты — әйелдердің жаңа кәсіп ашуы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *