Алматыда джиу-джитсудан «Koktem open-2019» xалықаралық турнирі өтеді

599

Сәуірдің 6-ы және 7-і күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Championship/Kids «Koktem open-2019» халықаралық ашық турнирі өтеді, деп қазақтастандық ақпараттық орталығы хабарлайды.  

Жарыстың бірінші күні 4-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар жарыс жолына шығады.

Турнир ABB аренада IBJJF халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да (екі күн).

Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес www.arlangrip.kz немесе www.smoothcomp.com сайттарына тіркеліп, тиісті қаражат төлеу қажет.

Турнирдің басты мақсаты елімізде бразилиялық джиу-джитсу спорт түрін дамытып, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және арнайы медальдар табысталады.

Өтетін орыны: ABB аренасы, Алматы қаласы, Ерменсай ықшам ауданы, 3 пер., 53 үй.

Өтетін уақыты: сағат 10:30-да




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *