Қазақстанда 8 мыңға жуық кен орны есепке қойылды

1372

Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік балансында 8 мыңға жуық кен орны есепке қойылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты.

«27 жылдың ішінде мемлекет балансына алғаш рет көмірсутек шикізатының 133 кен орны, сондай-ақ алтын, түсті және қара металл және басқа да пайдалы қазбалардың 200-ден астам кен орын қоры алынады.  Барланған қорлардың базасында 10-нан астам заманауи тау-кен металлургиялық өндірістер іске қосылды», — деді вице-министр. Сонымен қатар ол Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі кен орындарын игеру жұмыстары басталғанын еске салды. «Бүгінде мемлекеттік баланспен 8 мыңға тарта кен орны есепке алында», — деп нақтылады Т. Тоқтабаев. Вице-министр әлемде шикізат ресурстарын тұтыну мен өндірудің қарқынды өсуі жағдайында геологиядағы дамыту мен жаңғырту мәселелерінің өзектілігі артып отырғаннын атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Геолог күніне орай салтанатты іс-шара өтіп, саланың үздік мамандары марапатталды.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *