Бес күнде 50-ге жуық пәтер тонаушы ұсталды

389

Алматы облысында «Пәтер» арнайы шарасы жалғасуда. 5 күннің ішінде жетісулық полицейлер 46 пәтер тонаушыны қолға түсірді.

«Алғашқы бес күнде 56 пәтер ұрлығы ашылды. Олардың ішінде 34 қылмыс бұрын жасалғандар санатында. Арнайы шара барысында ұрланған заттарды алып-сату нүктелері тексерілуде», — деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінен. Атап өтілгендей, ұсталған 46 күдіктінің пәтер ұрлықтарына нақты қатысы бары анықталып отыр.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *