Маңғыстауда уриалдар суретке түсіп қалды

220

Маңғыстаудың жергілікті тұрғыны Вячеслав Никишин кездейсоқ үш уриалды көріп қалған. Вячеслав оларды Айрақты-Шоманай елді мекенінің ландшафтысын суретке түсіріп жүрген сәтінде көрген, — деп хабарлайды «Тумба». 

Уриал — қуысмүйізділер тұқымдастар, қой сүтқоректіліріне жатады. Үстірт уриалы Қазақстанның қызыл кітабына енген. Олардың жойылып кету қаупі бар. Бұл жануардың мекендейтін жерінде адамдар да көп жүреді. Бірақ, соңғы жылдары олардың саны артып жатыр. Уриалдар теңіз деңгейінен 6000 метр биік орналасқан тау бөктерінде мекендейді. Кейде, құрғақ, орман және ауыл шаруашылығы орналасқан нысандардың қасында өмір сүреді. Олар көбінесе Қазақстанның оңтүстік-батысында, Өзбекстанда, Түркменстанда, Тәжіскстанда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Иран және Үндістан сияқты елдерде кездеседі. 1851 жылы Айрақты-Шоманайда украиналық ақын, суретші Тарас Шевченко жер аударылған кезде осы жерде болған. Бұл таулы мекен оны тамсандырған екен. Ол «Долина Замков» атты осы жерлерге арналған бірнеше суреттер жинағын салған. Айрақты таулары расыменде таңғажайып қамал, мұнара және басыбайлы қабырғалар секілді көрініске ие.
Дереккөз:Тумба

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *