«Түркістанды бірге түлетейік» жобасы Жұбаныш Жексенұлының концертінен бастау алды

700

Бүгін Түркістан облысы Мәдениет  басқармасының ұйымдастыруымен «ТҮРКІСТАНДЫ БІРГЕ ТҮЛЕТЕЙІК» жобасы аясында өңірден шыққан өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасы бастау алды, деп хабарлайды Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Жоба аясында «Әнім саған — Түркістан!» атауымен ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Жұбаныш Жексенұлы өз шығармашылық кешін өткізді.
-«Отбасымызбен Жұбаныш Жексенұлының концертіне келдік. Алаңда емін-еркін ән тыңдап, көңіл-күйіміз де керемет әсерге бөленді. Жұбаныш — отбасымызбен әндерін сүйіп тыңдап, ерекше құрмет тұтатын әншіміз. Көрермен ретінде, ана ретінде шынайы алғысымды білдіремін. Киелі де қасиетті туған жерін ардақтап, перзенттік парызын халықтың қуанышына, елдің ықыласына бөлеп әншілер ішінен көш бастап тегін концертін беруі де түлеп келе жатқан Түркістан үшін зор үлестің бірі. Бұл концертті қолға алған Түркістан облысы әкімдігіне, облыстық Мәдениет басқармасына көптен — көп алғыс айтамын»,-деді  Нұрипа Жолдасова.
Алаңға жиналған халық «Нурикамал», «Өмір-өзен», «Тамшы» сынды көптеген әндерімен танымал Жұбаныш Жексенұлының  жанды дауыстағы әндерін тыңдап, қосыла бірге шырқады.
Айта кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын негізге ала отырып, еліміздің мәдени, рухани, тарихи дамуына үлес қосу мақсатында қолға алынған қайырымдылық концерттерін облыс орталығы Түркістан қаласында ұйымдастыру арқылы жергілікті халық пен қала қонақтарының, сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бос демалыс уақытын тиімді пайдалануға үлес болып табылады. Сондай-ақ, айтулы шара  еліміздің рухани және мәдени астанасы саналатын Түркістан қаласының мәдени тұрғыда өсіп-өркендеуіне де бірден-бір септігін тигізері анық.
Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «ТҮРКІСТАНДЫ БІРГЕ ТҮЛЕТЕЙІК» қайырымдылық концерттері 2019 жылғы сәуір – желтоқсан аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласында өткізіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *