«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ басқарма төрайымы тағайындалды

564

«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ басқарма төрайымы болып Ләззат Танысбай тағайындалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Қымбатты достар!

Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым.
Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. 
Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.
Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!» — делінген министрдің жазбасында. 

Бұған дейін Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингін басқарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *