Ватсап дегеніміз не? Қайдан және қашан шықты?

237

     Замандастарымның барлығында ұялы телефон бар. Ол біздің  жанымыздан кез келген уақытта табылатын адал досымыз. Ұялы телефонмен оққа да, шоққа да баруға дайын тұрамыз.

      Көп ұзамай ерекше,  әрі хат алмасуға оңай желі пайда болды. Ол – ватсап.  Ватсапты еліміздегі жастар да, егде жастағы жандар да қолданады. Басымнан өткен бір қызық жайтпен бөліскім келіп отыр. Құрбымның сексен жастан асқан әжесі бар. Қызығы, әже он сегіз жастағы қыз сияқты барлық әлеуметтік желілерде отырады, бірақ көзі сәл көзі нашарлау көреді. Әже ватсапты жиі пайдаланады екен.  Мені қызықтырған жайт , ватсаптың қайдан және қалай шыққаны болды.

           WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады.  Ватсап көптеген платформаларда жұмыс істейді. Мессенджерді жасаған компанияның негізін Ян Кум  және Брайан Эктон  2009 жылы Калифорния штатында құрған. Компанияда 55 қызметкер жұмыс істейді.

          Әлеуметтік желінің қолданушылары  жақсы жаңалықты бөлісе отырып, мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум мен Брайан Эктонға алғыстарын жаудырды. Ватсап компаниясын біраз уақыттан соң фейсбук желісі сатып алды. Желілердің  қосуы  екі есе көп қолданушы жинады. «Біз сіздер үшін жақындарыңызға қоңырау шалуға мүмкіндік беретін функция қостық. Енді әлем бойынша көптеген адамды жақындату мақсатында жұмыс істейміз», — деді Цукерберг. Ол команданың абоненттік төлемді азайтып, ватсап  мессенджерін тегін еткенін де айта кетті. » Жер жүзіндегі миллиардтаған адамды байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең әлемді біріктіру жолындағы маңызды қадам», — деді миллиардер.

       Ватсаптың танымалдығы жоғары болғандықтан, ұялы байланыс операторларының телефондардың арасында SMS-хабарлама жіберушілердің саны азайып, төлемнің бағасы азаяды. 2012 жылдың жеке бағалаулары бойынша әлеуетті шығындар ондаған миллиард долларға жетуі мүмкін.

        2015 жылдың наурыз айында Android құрылғыларынан WhatsApp пайдаланатын пайдаланушылар саны 1 млрд-тан асады. 2013 жылдың 6 тамызында WhatsApp 300 млн-нан астам белсенді пайдаланушылар болды, олар күнделікті 325 миллионнан астам фотосуреттермен чат арқылы алмасады.  2014 жылдың сәуір айында белсенді пайдаланушылар саны 500 млн-нан асты . 2014 жылғы 19 ақпанда Facebook WhatsApp-ты 19 млрд долларға сатып алғанын жариялады.  2016 жылдың ақпан айының басында WhatsApp негізін қалаушы өз блогында сервис 1 миллиард пайдаланушыны жеңіп шықты. 2019 жылы 13 наурызда Фейсбук компаниясында 10 сағатқа созылған тарихтағы ең ірі іркіліс болды. Осы уақыт ішінде Facebook, Instagram, Messenger және WhatsApp бүкіл әлем бойынша көптеген елдер үшін қолжетімсіз болды. Мәселелер «сервер конфигурациясын өзгерту» салдарынан пайда болды.

 Наргиз БЕКЕН




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *