МАҚТААРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

1531

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында, Түркістан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағыттарында «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған болатын.

Жобалық кеңсенің мақсаты — жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жандандыру, елді мекендердегі әр түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді талқыға салу арылы шешу және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарлату, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алуға бағытталған.

Осыған орай, 11 сәуір күні Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауға «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жауапты мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының, дәрігерлік сараптама және аурухана мамандары, салық органдарының, жергілікті ішкі істер бөлімі мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында 150-ге жуық мақтааралдық тұрғындар өзекті мәселелері бойынша тиісті мамандардан жауаптар алды. Қоғамдық қабылдаудан соң жұмысшы топ мүшелері Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында қорытынды жиналыс өткізіп, қоғамдық қабылдау барысында түскен ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс істеуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *