Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорғанға әкім болып тағайындалды

1597

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін Тараз қаласын басқарған Ғалымжан Әбдірайымов атқарады.

Ал бұған дейін Талдықорған қаласының  әкімі болған Дастан Шалтабаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс мәлім етті. Айта кетейік, Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының әкімі болып бір жыл ғана істеді. Ол бұл қызметке 2018 жылдың мамыр айында тағайындалған еді.  Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Тұран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы «Шығыс» ұжымшарында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры болған. 1998-2002 жылдары Алматы қалалық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары болды. 2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры — ҚР мемлекеттік құрылыс инспекторы лауазымдарын атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Тараз қаласының әкімі қызметін атқарды.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *