ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600 ТОННАДАН АСТАМ ЖАҢҒАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛҒАН

118

Түлкібас  ауданында 600 тоннадан астам жаңғақ  өнімі жиналған, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұрын Түлкібас ауданында грек жаңғағы үй іргелік жер телімдерінде отырғызылып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілері 257 гектарға жаңғақ отырғызған. Аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес, 2018 жылы аудан көлемінде 627 тонна жаңғақ өнімі жиналған.

2019 жылы аудан аумағында қосымша 135 гектар жаңғақ отырғызу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта өзінің тәті алмасымен танылған Түлкібас өңірі тек алма бау шаруашылығын қолға алуды  ғана емес, сонымен қатар жаңғақ шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар іске асырылатын болады.  




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *