Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жоғары оқу орны түлектерді жұмысқа орналастыруда

139

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (ҚарМТУ) мансап және жұмысқа орналастыру орталықтарына қолдау көрсету бағдарламасы басталды. Жоба мансап орталықтарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі бойынша озық тәжірибелерді өңірлік жоғарғы оқу орындарында енгізуді бастамалаған Шетелдік Инвесторлар Кеңесі жұмыс тобының аясында іске асырылады. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде мамандарды даярлау сапасының басты өлшемі ретінде түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі болуы тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте, түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары оқу орындары тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен өзара әрекетінің және жоғары оқу орындарындағы мансап орталықтарының жұмысын нығайтудың өзектілігі арта түседі.
КИМЭП және ҚарМТУ мансап орталықтарының қызметкерлері мансап орталықтарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі бойынша озық тәжірибелерді өңірлік жоғарғы оқу орындарында енгізудің негізгі қағидаттарын талқылады.
«Білім беру мен кәсіптік қызмет арасындағы байланыс айтарлықтай икемді болып табылады, университет пен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас та сондай икемді болуы тиіс. Мансап орталықтарының қызметі жоғары оқу орнының еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс берушілермен жүйелі ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті КИМЭП Мансап және жұмысқа орналастыру қызметінің үйлестірушісі Эльмира Кабиева.
ҚарМТУ — еліміздің ең ежелгі және беделді жоғарғы оқу орындарының бірі, Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал қарқынды дамып келе жатқан көп бейінді оқу-білім беру ғылыми кешені. ҚарМТУ-дағы мансаптық өсу орталығы 2017 жылдың басында құрылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген — 2017 жылы түлектердің 93%-ы жұмысқа орналастырылды, бұл ҚарМТУ жас мамандарына жоғары сұраныстың бар болуын көрсетеді.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға, студенттердің жұмысқа орналасуы мен мансабын жоспарлауға және дамытуға көмек көрсету, еңбек нарығына бейімделуді қамтамасыз ету, сондай-ақ оқушылар мен түлектерге кәсіптік бағдар беруде, қойылған мансаптық мақсаттарды жоспарлауға және қол жеткізуге көмек көрсету болып табылады» — деді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мансаптық өсу орталығының жетекшісі Наталья Сошкина.
ҚарМТУ-дың Бірінші проректоры Аристотель Исағұлов: «Заманауи үрдістер біздің оқу орындарымыз Мансап орталықтарын түлектерге жұмысқа орналасу үшін толыққанды көмек көрсететін орын ретінде, ЖОО, ізденуші және жұмыс беруші арасында іскерлік ынтымақтастық құрылатын орталық ретінде құрудың және дамытудың қажеттігін көрсетеді. Қазіргі заманғы ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігі мен имиджі, әрине, оның түлектерінің кәсіби мобильділігі мен мансаптық жетістіктерімен анықталады».
Жоба ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобының Жұмыс жоспары аясында «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің қолдауымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен іске асырылады. Мансап орталықтарын қолдау жобасының түпкілікті мақсаты болып өңірлік жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру табылады.

Дәмеш Танашева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *