Теңіз кен орнында қызылша ауруы таралмаған

1507

Атырау облысында, соның ішінде Теңіз кен орнында эпидемиологиялық ахуал қалыпты, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының қорытындысы бойынша, қызылша ауруымен тіркелгендер саны азайып келеді. Жыл басынан бері Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында қызылша ауруының 4 дерегі тіркелді.
Алғашқы оқиға қаңтар айында анықталды, наурызда қызылшамен 3 адам ауырды. Ауырғандардың екеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырған, жастары 45-тен жоғары, вакцинаға алуға жатпайды. Басқа қарым-қатынастағы адамдар вакцинация алды. Аурудың тарауы тіркелген жоқ, жағдай бақылауда, — деді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.
Айта кетсек, жыл басынан бері аймақта қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен 9 мың адам қамтылған. Сәуір айынан бастап қауіп-қатер тобындағы 9-10 айлық нәрестелер, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер мен қызылша ошағындағы 30 жасқа дейінгі адамдар екпе алды.
-11 сәуірдегі мәлімет бойынша қосымша 1062 адамға екпе салынды. Қызылшаға қарсы иммундау жұмыстары жалғасуда, алдын алу, эпидемияға қарсы шараларды үйлестіру штабы құрылды, тұрғындармен түсінік жұмыстары жалғасын тауып жатыр — деп нақтылады Департаментте.
Қазір Атырау облысында қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Биыл 16000 доза вакцина алынды, тағы қосымша 15450 алынады, сонымен қатар, қауіп-қатер тобындағыларға салуға 20500 доза вакцинаға тапсырыс берілді. Екпе салу жұмыстары арнайы кабинетте өтуде. Медициналық қызметкерлер вакцинация өткізу бойынша дайындықтан және аттестациядан өткен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *