Украина сайлауы: Кімнің асығы алшысынан түсер екен? Саясаткер ме, әзілкеш пе?.. (видео)

669

Украиндағы сайлау қалай өтуде? Сайлауда саясаткер жеңіске жете ме, әлде әзілкеш пе? Украин халқы үшін қайсысы маңызды? Халық кімнің жеңгенін қалайды? Президент болуға әншілер мен шоумендер, өнер жұлдыздарының қатысқаны дұрыс па? Саясаттанушылар не дейді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін отандық саясаттанушылардан пікір алған едік.

Естеріңізде болса, Украинада сайлау комиссиялары хаттамаларының бірінші кезеңі бойынша президенттікке кандидат шоумен Владимир Зеленский алдаңғы орында келе жатыр. Петр Порошенко болса, екінші орынға түсіп қалған. Наурыздың 31-ші жұлдызында өткен бірінші кезеңде Владимир Зеленский  халықтың 30,22 % дауысына ие болған. Биыл жетінші рет өткізіліп отырған президент сайлауына 39 азамат кандидат ретінде тіркелген. Ал сайлауға әлемнің 17 мемлекетінен 2400-ге жуық халықаралық бақылаушы қатысуда. Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

-Қалай болса да, Петр Порошенко сайлауға екінші рет сайланбақ. Енді өтпей қалған кандидаттардың дауыстары қай жаққа кетеді? Кім қолдайды? Әзірше, Владимир Зеленский екі еседей Петр Порошенкодан озып отыр. Петр Порошенконың көзқарасы Ресеймен соғыс жағдайында. Ол Украин ұлтшылы,мемлекетшіл,мемлекет басында отырған тәжірибесі бар. Владимир Зеленскийдің тәжірибесі жоқ. Ол өзі кинокомедиялар түсіреді. Бірақ, халыққа әзірше «өте сүйкімді».

Украин халқы кім болса -ол болсын, бірақ Тимошкено құрып кетсін,  Порошенко да президент болмасын деген көзқарастары бар. Егер де сол көзқарас жеңсе, Зелинский өтіп кетуі мүмкін. Жалпы енді менің қазақстандық көзқарасым, бәрі украинша сөйлейді. Жалпы, Украина ең орыстанған республикалардың бірі болатын. Бұлар қазір украинданған ұлтжанды мемлекет. Тимошенко да, Зелинский де, Порошенко да ұлтшыл, анау Бойка деген тіпті қатты кеткен. Оларды батыс қолдайды. Порошенко, егер де осы сайлаудан президенттікке өтсем, НАТО-ға кіргіземін, ары қарай Еуропалық Одаққа кіргіземін деп отыр. Заленский болса, мен жаңа замандағы қайраткермін дейді. Өзінің командасын айтпайды.

Бірақ, қазіргі украин халқы шаршаған. Зелинский украиннің мүддесін сатпаймын, Ресеймен тіл табысамын деп отыр. Сондықтан украин халқы не болса да бұл соғысты тоқтататын шығар деп ойлайды. Халық бүгінгіні ойлайды. Зелинский проблемаларды шешемін деп отыр, бірақ оның тәжірибесі жоқ. Бірақ, халықтың Зелинскийге симпатиясы өте үлкен. Сондықтан, Порошенкоға оңай болмас, әйтпесе екінші турда ұтылып та қалуы мүмкін. Енді екеуі бір-бірімен украин халқының дауыстарына таласады. Нақты сайлау болып келе жатыр. Енді қатыспағандар, сайлауда дауыс беруі мүмкін. Қалай болатынын айту қиын.

Рейген — АҚШ үшін керемет болып шықты. Ол ортаңқол актер екен. Атақты рөлдерде де ойнамаған. Ал, мынау Зелинский күлдіргі, сайқымазақ. Бұл жамандағаным емес. Бұл нашар басшыларды сынау арқылы билікке келмек. Бірақ, өзнің саясатта тәжірибесі жоқ. Тіпті командасынан ешкімді атамайды. Сарапшылардың айтуынша, ол командасына белгілі, бұрынғы адамдар кірігізеді . Яғни, ешқандай өзгеріс болмауы мүмкін. Мүмкін ол-Ресейшіл. Ал Ресейдің талабы Қырымды берсеңдер болды, Шығыс Украринаны босатамыз дейді. Оған тоймауы мүмкін. Шығыс Украинаны тартып алмаймыз, бірақ автономия болып кірсің деп, Украринаны одан ары қарай ыдыратып, бағындырғысы келеді. Маған Порошенконың позициясы маған жақсырақ сияқты. Зелинскийдікі белгісіздеу. Ол барлық мәселерді шешіп беремін дейді. Бірақ, ол сайлаудың алдындағы риторика болуы да мүмкін.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

-Әлемде белгілі бір дәрежеде сол елдің, қоғамының, азаматтарының ресми биліктен, дәстүрлі кәсіби саясаткерден көңілі қалғандығы, мүлдем бір жаңа адамды, жаңа тұлғаны аңсағандығының көрсеткіші байқалады. Украинада өтіп жатқан сайлауда Зелинсикий 30%-дан  астам дауыс жинады ғой. Әрине, сайлау алды науқанында өзінің жақсы мәлімдемелері, ұсыныстары болды. Бірақ, сол көрсеткіштің жартысы толықтай Зелинсикийдің бағдарламасын қабылдап, сол үшін дауыс бергендер емес. Өйткені, оның жартысы билікке қарсылар, Порошкенко мен бұрынғы шенділер болмасын деп, жаңа адамды таңдаған. Жаңа адаммен өздерінің үміттерін байланыстырған. Меніңше, Зелинсикий дәл осындай тұлға болып табылады. Саясатқа келу — тек кәсіби саясаткерлік дегенді білдірмейді. Жалпы сол елдің азаматы болғаннан кейін, әркім өзінің ұсынары, бағдарламасы болса, неге келмеске? Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сондай шоумендердің, әншілердің немесе теле жұлдыздардың билік басына келуінде айтарлықтай біз келеңсіз жайттарды байқап отырғанымыз жоқ. Мысалы, Трампты алып қараңыз. Басқаларға қараңыз. Меніңше, ең маңызды тұсы сол, Зелинсикийге дауыс бергеннің бірталай бөлігі, сол наразылық ретінде дауыс бергені. Бұл маңызды алғышарттардың бірі болып табылады. Енді, екінші тур тақап келе жатыр. Басымдық қалай дегенде де, Зелинскийдің жағында. Соның ізімен Порошенко келе жатыр. Кәсіби саясаткер әрине билікке келгенде, биліктің мәселесі шын мәнісінде қаурыт, күрделі, өте күрделі тағдырлы мәселелер шешілмек. Сондықтан Порошенко және оның үзеңгілестерінің алға тартатыны, егер тәжірибесі жетіспейтін болса, саяси сауаты аз болатын болса, ол қалай шешеді деген мәселе. Бұл бір жағы. Менің ойымша, екінші жағы кәсіби саясаткерлер билік басында қолдарынан не келетіндігі, өздерінің тәжірибесін ұлттың немесе биліктің, мемлекеттің мүддесін емес, қара басының мүддесіне жұмсауы.

Зелинскийдің жақсы бір қасиеті-бұған дейін саясатта болған жоқ. Жемқорлыққа қатысы болмаған. Түрлі жанжалдарда аты ескерілмеген. Таза тұлға. Бәлкім, Зелинскийдің ұтымды жағы осы болар?!

Ең бастысы бұл демократиялық сайлау деп айтуға толықтай негіз бар. Әрине, мүлде мүлтіксіз, қателіксіз болды деп айта алмаймыз. Кейбір былықтары болды. Бұл жекелеген саясаттанушылардың ғана емес, халықаралық ұйымдардың, бақылаушылардың ойы. Екінші, шешуші турға Қазақстаннан да бірқатар бақылаушылар бара жатыр. Оның ішінде Айдос Сарым бар, мен бара жатырмын. Меніңше, шын мәнінде демократиялық сайлаулар дегенге келеді. Оның бір көрінісі, ашық талқылаулар,дебаттар болды. Осы күнге дейін, екінші турда кімнің жеңуі нақты белгісіз.

                                                                                                     Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

Алихан ЖАНАРБЕК (видео)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *