«ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

143

«Түркістан-Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласынан шыққан автобус Гулистан, Джизак қалалары арқылы Самарқандқа барады. Жолаушылар автобусы күн сайын сағат кешкі (Астана уақытымен) 18-00 «Алтын орда» бекетінен жолға шығады. Самарқанд қаласындағы «Самарқанд» автовокзалынан шығу  (Астана уақытымен) 18-00.  Бір жолаушы үшін жолақы құны – 4000 теңге. Түркістаннан шыққан автобус Шымкент қаласында жарты сағат аялдайды. Аталған бағыттың ашылуы екі елдің арасында туристер ағынының  артуына, жаңа туристік бағыттар қалыптастыруға  және ынтымақтастықтың нығаюына  оң әсерін тигізетін болады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының Өзбекстанның Самарқанд қаласымен сауда-экономикалық, туристік әлеуетін нығайтады.

 Айта кетейік, Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын автобуспен) жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі – 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады. Облыс бойынша 2018 жылы 797 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *