Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді

138

Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді.

«Өрт сөндірілді. Біз қалған жердегі өрт ошақтарын қадағалап отырмыз, сондай-ақ жалын тараған жерлерді суытып жатырмыз. Өрт қайталанбауы үшін алдын-ала шаралар қолдандық», — деді Париждегі өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Габриэль Плюс Figaro газетіне берген сұхбатында.

Париж — құдай аналарының соборындағы өрт 15 сәуірде кешкі уақытта басталды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлады. Собордың көтергіші өртке оранған. Бұл өртке 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылған. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл жағдайға байланысты оз ойын білдірді. Ол соборды қайтадан орнына келтіруге сөз берген. Сондай-ақ собордың есігі келушілерге алдағы уақытта да ашық болатынын мәлімдеді. REUTERS/Philippe Wojazer БАҚ өкілдерінің мәліметінше, өрт себебі соборда болып жатқан жөндеу жұмыстары болуы мүмкін.


tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *