ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 2000 ДАНА АЯҚ КИІМ ӨНДІРЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

95

Түркістан облысы Жетісай ауданында аяқ киім шығаратын цех ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Цехтың жалпы инвестициялық құны – 300 мың АҚШ доллары. Мұнда тәулігіне 6 түрлі 2 000 дана аяқ киім шығарылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері кәсіпорында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жұмыс істеп келе жатқанына 3 ай болған«Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ұлықбек Әбдіраманов цехты ашу ісінде мемлекеттік қолдау тапқан. 

 «Мен бұған дейін шамамен 10 жылдай аяқ киім сатумен айналысып келдім. Сол кезде жеке цех ашып алсам деген ой келді. Бүгінде соның сәті түсіп, жаңадан іс бастап отырмыз. Жылдың мезгіліне байланысты аяқ киімнің бірнеше түрі өндіріледі. Өнімге деген сұраныс жоғары. Жергілікті әкімдік және кәсіпкерлік бөліміне ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, қажетті жер бөліп берді», – дейді мекеме басшысы.

Цехта 20 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қажетті шикізат Қытай, Өзбекстан елдерінен тасымалданады. Дайын өнім еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтілуде. Кәсіпкердің ендігі жоспары мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдаланып, кәсіптің өрісін кеңейту.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *