АХМЕТЖАН ЕСІМОВ HR-QYZMET ЖАЛПЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАДЫ

1403

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов HR Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты (ЖҚО).

Тараптар ЖҚО мүмкіндіктерін бағалап, бірыңғай қызмет көрсету орталығын енгізудің артықшылықтарын талқылады және орталықты дамытудың болашақ жоспарларымен танысты. Өз кезегінде, қала әкімі Қордың еліміздегі ең ірі ЖҚО-ны іске қосу бойынша тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Айта кеткен жөн, ЖҚО кадрлық бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыру, HR-қызметтіне жұмсалатын шығындарды төмендету және еңбек ету барысын тиімді ұйымдастыру арқылы компанияларға өздерінің негізгі қызметіне негізделуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде ЖҚО Қордың компаниялар тобын кадрлық іс қағаздарын жүргізу, жалақы төлеу, сыртқы оқытуды әкімшілендіру, шетелдік жұмыс күшіне ақпараттық қолдау көрсету, қызметкерлердің аутстаффингі және байланыс орталығы бойынша қызметтер көрсетеді. Жобаның аясында Қор компаниялар тобының 13 мыңға жуық қызметкері қамтылған.

Аталмыш орталық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың трансформациялау бағдарламасының аясында іске қосылды. Оның әртүрлі салалардағы компанияларды қамту ауқымына байланысты Қазақстанда және Орталық Азияда аналогы жоқ.

Айта кетейік, 2019 жылдың ақпан айында «Самұрық-Қазына» АҚ-да Қордың және қоржындық компаниялардың басшылығымен  трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға және оны одан әрі дамытуға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов әр компанияға трансформация арқылы табыстылықты арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

коммуникациялар жөніндегі департаменті

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *