XI республикалық пән олимпиадасы өтті

230

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың ұлағаты» атты журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасы өтті. Оған еліміздегі 17 ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты.

Олимпиаданың бірінші кезеңінде әр университет өз командасын таныстырды. Одан кейін қатысушылар берілген тақырып бойынша эссе жазып, ой ұшқырлығын танытты. Сайыстың бірінші кезеңі аяқталысымен С.Торайғыров университетінің ұйымдастыруымен олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлері таныстырылды.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жоғары ұпайға ие болды.

Олимпиаданың екінші кезеңінде студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Сайыс қорытындысына сай, республикалық олимпиадада үздік шыққан сайыскерлер анықталып диплом мен бағалы сыйлықтараға ие болды.

Айта кетейік, сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *