Ильхам Әлиев Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтi қабылдады

212

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтi қабылдады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Түркi кеңесi Хатшылығына сілтеме жасап.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 2019 жылдың 16 сәуірiнде Әзербайжанға ресми сапармен келген Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтi қабылдады.

Бас хатшы Б.Әміреев Түркі кеңесінің жүргiзiп жатқан жұмысы мен 2019 жылы 3 қазанда Әзербайжанда өтетін және Нахчыван келiсiмiне қол қойылуының 10 жылдығын атап өтетiн Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне дайындық барысы мен саммит аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабарлады.

Бас хатшы Әзербайжанның Түркі кеңесінiң мүше мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық үдерісіне қосқан үлесі және белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ Кеңестiң жұмысына үздiксiз қолдау көрсеткенi ушiн Жоғары мәртебелi Ильхам Әлиевке алғысын білдірді.

Президент және Бас хатшы мемлекет басшыларының Түркi ынтымақтастығының экономикалық өлшемдерін кеңейту туралы шешімдерінің орындалуын талқылады. Осыған орай, олар Инвестициялық қор құруға байланысты соңғы өзгерiстер мен Түркiтiлдес мемлекеттердiң бiрлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құруды аяқтау жөнiнде атқарылып жатқан жұмыс туралы ой-пiкiр бөлiстi.

Президент Әлиев мүше емес мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайту және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Кеңестің әлемде танымалдығын арттыруға бағытталған Хатшылықтың барлық күш-жігерін толық қолдайтындығын бiлдiрдi.

Президент Әлиев Бас хатшы Б.Әміреевке Түркі кеңесі жұмысының тиімділігін арттыруда табыстар тілеп, Хатшылық орындайтын Түркі кеңесі мемлекет басшыларының тапсырмаларын сәтті түрде жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Президент Әлиев Әзербайжан мен Түркі кеңесі Хатшылығының бірлескен күш-жігері арқылы Әзербайжанда өтетін Түркі кеңесінiң алдағы саммиті Нахчыван келісіміне қол қойылуының 10 жылдығын атап өтетiн тарихи оқиға болатынын атап өттi.

Кездесуге Жоба директоры Джейхун Шахвердиев де қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *